Экскурсия в урочище Жидебай » Средняя общеобразовательная школа № 29
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№29 «Пальмира» жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 35-40-47
Есепші бөлімі:
+7(7222) 35-40-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Экскурсия в урочище Жидебай
03
маусым
2022

Экскурсия в урочище Жидебай

Балалар жылы аясында мектебіміздің жоғары сынып оқушылары @palma_tur_semey туристік агенттігінің көмегімен Семей-Жидебай бағытындағы тарихи танымдық экскурсияға барып қайтты. Оқушылар Күшікбай асуында мөлдір бұлақтың суын сусындап, Бөрілі ауылында қазақты әлемге тәнті еткен Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың мұражайын тамашалады. Абай атамыздың жайлауындағы аллеяда ақын атамыздың қара сөздері мен өлең жолдарынан үзінділер келтірілген ескерткіш тақталардың мазмұнымен танысты. Қазақтың үкілі домбырасы пішінінде жасалған аллея өзінің сұлулығы мен сымбаттылығымен таң қалдырды. Абай-Шәкәрім мемориалдық кешенінде бабаларымыздың рухына тағзым етіп, Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір жолы мен жерлеу рәсімдерінің ерекшеліктері туралы оқиғаны тыңдады. Оқушыларға Абай атамыздың Жидебайдағы мұражайы ерекше әсер қалдырды. Абай атамыздың рухы сіңген жиһаздар, XIX  ғасырға тән тұрмыстық заттар сол дәуірдің ерекше атмосферасын танытты. Тарихи танымдық экскурсияны мектептің тарих пәні мұғалімдері Кизатаева Г.Н. мен Мейірбеков Т.Т. қосымша тарихи ақпараттармен толықтары отырып, оқушыларымызға қазақ жерінің салт-дәстүрлерінің ерекшеліктері мен Абай жолымен болған тарихи оқиғалардың желісін тарқатты. Тарихи-танымдық экскурсияны ұйымдастыруға септігін тигізген мектеп директоры Толеубаева Г.Т.-на және @palma_tur_semey туристік агенттігіне зор алғысымызды білдіреміз. 
В рамках Года ребенка старшеклассники КГУ СОШ № 29 при содействии туристического агентства @palma_tur_semey посетили историческую познавательную экскурсию по маршруту Семей-Жидебай. Учащиеся начали экскурсию у вод прозрачного родника на перевале Кушикбай и посетили музей известного казахского писателя  Мухтара Омархановича Ауэзова в селе Борили. В местности, которая когда то была летним кочевьем великого Абая, на аллее, посвященной трудам великого поэта дети  ознакомились с содержанием памятных досок, где приводятся слова назидания и отрывки из стихотворных строк поэта Абая Кунанбаева. Аллея, выложененная в форме домбры, поразила своей красотой и грациозностью. В мемориальном комплексе Абая-Шакарима почтили память наших предков и узнали историю о ярком жизненном пути Абая Кунанбайулы и Шакарима Кудайбердиева и особенностях похоронных обрядов.  Особое впечатление на школьников произвел музей  Абая в Жидебае. Мебель, предметы быта, характерные для XIX века, вобравшие в себя дух Абая, подчеркнули особую атмосферу той эпохи. Историко-познавательную экскурсию провели учителя истории школы Кизатаева Г. Н.И Мейрбеков Т. Т.  Дополняя  исторической информацией экскурсию, они рассказали нашим ученикам об особенностях традиций и обычаев казахской земли и исторических событиях, происходивших по пути Абая. Выражаем огромную благодарность директору школы Толеубаевой Г. Т. и туристическому агентству @palma_tur_semey, гиду Гульдане за помощь в организации историко-познавательной экскурсии.