Ұстаздар марапаты
МАРАПАТТАУ ҚАҒАЗЫ
1. Тегі, аты, әкесінің аты: Капокова Альмира Набиуллаевна
2.Лауазымы, жұмыс қызмет орны (кәсіпорынның, мекеме, ұйым, бөлімшесінің дәл атауы көрсетіледі): Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің «№ 29 Пальмира жалпы орта білім беретін мектебі» КММ -нің бастауыш сынып мұғалімі
3. Жынысы: әйел адам
4. Туған жылы мен туған жері: 13.11.1969 жыл, Семей қаласы
5. Ұлтыорыс
6. Біліміжоғары
7. Бітірген оқу орны: Семей, Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті
8. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы - жоқ
9. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған және марапатталған уақыты: жоқ
10. Үйінің мекен-жайы: Семей қ., 72 квартал, 4 үй-26
11. Жалпы жұмыс өтілі34 жыл
12. Саладағы жұмыс өтілі34 жыл
13. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі29 жыл
14. Марапатталушының нақты айрықша сіңірген еңбегі көрсетілген мінездеме:
Капокова Альмира Набиуллаевна өзін бастауыш бойынша оқыту әдістемесін теориялық және практикалық жағынан жоғары деңгейде жетік меңгерген кәсіпқой маман ретінде көрсете білді. Өзінің жұмысында белгілі дәстүрлі әдістермен қоса, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерін қолданады. Бұл әдістер оқушының жекелей дамуына жақсы әсерін тигізеді. Әр сабақтың мазмұны мен формасын нақты ойластырады. Сабақтарын қызықты, өздігінен жұмыс жасау элементтерін орынды қолданып, проблемалық жағдайлар тудырады. Мұғалім оқушыларда ауызша сөйлеудің дамуына көп көңіл бөледі, сабақтарында кестелерді, тесттерді, үлестірме және дидактикалық материалдарды қолданады. Балалар сабақта белсенді, барлық тапсырмаларды қызыға орындайды, олардың мұғаліммен қарым-қатынасы өте жақсы. Әрдайым байсалды, игілікті, оқушыны тыңдай біледі, проблеманы талқылауда әдепті, балалардың жіберген қателіктерін жөнге келтіруде сыпайы, ескертуді сабақ барысын бұзбай жасайды. Сынып ұжымын қалыптастыру бойынша көп жұмыс атқарады. Ойын технологиясын, оқытудың интерактивті әдістерін, әр оқушымен жекелей жұмыс жүргізу технологияларын қолданады. Мұғалім компьютерлік технологияларды және жоба элементтерін меңгерген, оларды сабақтарында қолданады.
Оның оқушылары қалалық және облыстық деңгейде жүлделі орындарға ие: "Орыс аюы" зияткерлік байқауларына белсенді қатысады (Завьялова Александра 1 орын), "Кенгуру математика барлығына" республикалық олимпиадасында Лукьяненко Кирилл 1 орын, Ерланов Біржан 2 орын және Карпухин Стас "Асыл тас" олимпиадасында 3 орын иеленді.
Ұстаз оқушылардың білімін бақылауға көп көңіл бөледі. Аралық, тақырыптық және қорынды бақылау мұғалімге оқушылардың біліміндегі ауытқушылықтарды анықтауға және оларды жою бойынша жұмыстарды нақты жоспарлауға көп көмегі тиеді. Бастауыш сынып мұғалімдері ӘБ, педагогикалық кеңестерде баяндама және презентацияларымен өзінің жұмыс тәжірибесімен алмасады. Бастауыш сынып мұғалімдеріне, педагогикалық кеңестерге, қалалық семинарларға баяндамалар мен презентациялар жасай отырып, өзінің жұмыс тәжірибесін жеткізеді. "Үздік әдістемелік әзірлеу" республикалық кезеңіндегі жұмыс тәжірибесін ұсынды, онда 3 орын алды, "Әуезов атындағы педагогикалық колледжі"КМҚК студенттерінің білім сапасына тәуелсіз бағалау және сертификаттау жүргізу жөніндегі комиссияның мүшесі болып табылады. 2017 жылы облыс көлемінде «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауында жүлделі 3 орынды иеленді. Альмира Набиуллаевна сынып жетекші ретінде өзін әр оқушыға жекелей жол таба білетін психолог ретінде көрсетті, оқушылар мен ата-аналар ұжымының ұйымшыл болуы үшін үлкен жұмыс атқаруда.
Альмира Набиуллаевнаның ұстанымы белсенді, мектеп және қоғамдық мәселелерден сырт қалмайды, 6 жыл бойы мектептің кәсіподақ комитетінің төрайымы болды, «Аманат» партиясының мүшесі. Жоғары білімді, ақкөңіл, әрдайым сөз бен іспен көмектесуге дайын, оқушылар, ата-аналар, және ұжым арасында белсенді.
Капокова Альмира Набиуллаевнаның кандидатурасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 8 тамыз 2013 жылғы №324 бұйрығына сәйкес мемлекеттік марапаттарына ұсынылған марапаттау құжаттарын қарастыру бойынша «Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімі «№ 29 Пальмира жалпы орта білім беретін мектебі» КММ комиссия отырысында қаралды және ұсынылды (хаттама 237 № 31 тамыз 2023 жыл).
Мына наградаға ұсынылады: Абай облысы әкімінің грамотасы
