Виртуальная экскурсия в школьный музей
Күзгі демалыс күндері КММ «№29 Пальмира жалпы орта білім беретін мектеп» оқушылары үшін мұражайға бейнебаян арқылы виртуалдық экскурсия ұйымдастырылды. Тарих пәні мұғалімі Кизатаева Г.Н. эксурсия барысында оқушыларға кезекті рет мұражайға қойылған экспонаттар тарихымен таныстырды. Мұражайда ерекше экспозиция еліміздің әскери білім беру мен химия өнеркәсібінің дамуына үлес қосқан ағартушы Ташлық Құтжановқа арналған. Экспозиция арқылы оқушылар мектеп орналасқан көшенің атының шығу-тегімен, сондай-ақ отандастары үшін Ұлы Отан соғысы жылдары жеңіске үлес қосқан жерлесі туралы кеңінен мәліметтер алды. Мұражай экспзицияларының басым бөлігі Ұлы Отан соғысы тарихына арналған. Соғыс жылдарындағы әскери киім үлгісі, марапаттау медальдары, қанды майданнан келген хаттар, ардагерлер туралы мәліметтер экспозицияларға тақырыптарға сәйкес жіктелген. Мектеп тарихына арналған бұрышта мектептің жетістіктері мен білім беру ісіне үлес қосқан ұстаздар туралы мағлұматтар келтірілген. Әрине Мәңгілік Ел ұлттық идеясына негізделген тәрбие жұмысы да елеусіз қалдырылмады. Еліміздің тұңғыш Президенті мен оның еңбектері оқушылардың назарларына ұсынылды.
Во время осенних каникул ученики КГУ СОШ № 29 с помощью видеоролика совершили виртуальную экскурсию в школный музей. Учитель истории Кизатаева Г.Н. в очередной раз рассказала учащимся историю экспонатов музея. Особое место в музее занимает экспозиция посвященная просветителю, внесший вклад в развитие военного образования и химической оборонной промышленности Ташпыку Кутжанову. С помощью данной экспозиции ученики узнали историю происхождения названия улицы на которой расположена школа и определили вклад Ташпыка Кутжанова для победы в ВОВ. Большая часть экспозиции музея посвящены истории Великой Отечественной войны. Представлены военное обмундирование, наградные медали, письма с фронта, информация о ветеранах в отдельных тематических полках. Отдельный уголок посвящен истории развития школы, педагогам и их достижениям. Учитель рассказал о национальной идее Мәңгілік Ел и о Первом Президенте Нурсултане Абишевиче Назарбаеве.


