28
февраль
2023
"Алғыс күні"
1 март Алғыс айту күніне орай “Алғыс айту-парызым!” атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға алғыс, ризашылық, жақсы тілек туралы түсінік беру, еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достықты бағалау, рухани бай, адамгершілігі мол ұрпақты тәрбиелеу. Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн. Тәрбие сағатында оқушылар елімізге алғыс тілектерін жазып, әр елдің алғыс айту түрлерімен танысты.


