«Гаджет пе, әлде кітап па?» » Средняя общеобразовательная школа № 29
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№29 «Пальмира» жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 35-40-47
Есепші бөлімі:
+7(7222) 35-40-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Гаджет пе, әлде кітап па?»
13
сәуір
2026

«Гаджет пе, әлде кітап па?»

Ұлттық кітап онкүндігі аясында 7 «Ә» сынып оқушылары «Гаджет пе, әлде кітап па?» атты сыныптан тыс тәрбие сағатын өткізді. Шара барысында оқушылар өздерінің кітапқа деген қызығушылықтарын танытып, оқыған шығармаларына мазмұнды шолу жасап, кейіпкерлер әлеміне терең бойлады. Әрбір оқушы өз ойын еркін жеткізіп, кітаптың адам өміріндегі маңызына тоқталды.
Танымдық сағат барысында оқушылар гаджет пен кітаптың артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырып, рухани құндылық ретінде кітаптың орны ерекше екенін дәлелдеді. Кітаптың тек білім көзі ғана емес, адамның ой-өрісін кеңейтіп, тіл байлығын дамытатын, рухани дүниесін байытатын асыл қазына екеніне көз жеткізді.
Шара соңында оқушылар «Кітап – жанның рухани азығы, таусылмас білім кені» екендігін терең түсініп, кітап оқуға деген қызығушылықтары арта түсті. Бұл тәрбие сағаты оқушыларды білімге деген құштарлыққа, рухани байлыққа ұмтылуға жетелеген маңызды әрі тағылымды болды деп есептеймін.
#Адал_азамат_Абай_облысы_Семей
#АПҚО_Абай_облысы_Семей
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Семей
#Абай180жыл_Абай_облысы_Семей    
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Семей

Похожие публикации:

15 наурыз 2023 "Этноауыл"
28 ақпан 2023 "Алғыс күні"