Ұстаздар марапаты » Средняя общеобразовательная школа № 29
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№29 «Пальмира» жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 35-40-47
Есепші бөлімі:
+7(7222) 35-40-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
қыркүйек
2023

Ұстаздар марапаты

  МАРАПАТТАУ  ҚАҒАЗЫ


1. Тегі, аты, әкесінің аты:  Рахиева Меруерт Ракымгалиевна

2.Лауазымы, жұмыс қызмет орны (кәсіпорынның, мекеме, ұйым, бөлімшесінің дәл атауы  көрсетіледі): Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің «№ 29 Пальмира жалпы орта білім беретін  мектебі» КММ -нің  қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі

3. Жынысы: әйел адам      

4. Туған жылы мен туған жері: 26.05.1979 ж., Семей қаласы

5. Ұлты    қазақ 

6. Біліміжоғарғы 

7. Бітірген оқу орны: Семей, Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті

8. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы- жоқ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 

9. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған  және марапатталған уақыты:     жоқ

10. Үйінің мекен-жайы: Семей қ., 8 марта көшесі 102

11. Жалпы жұмыс өтілі20 жыл     

12. Саладағы жұмыс өтілі16 жыл  

13. Осы еңбек ұжымындағы  жұмыс өтілі5 жыл 

14. Марапатталушының нақты айрықша  сіңірген еңбегі көрсетілген мінездеме:

  Рахиева Меруерт Ракымгалиевна өзін қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқыту әдістемесін теориялық және практикалық жағынан жоғары деңгейде жетік меңгерген кәсіпқой маман ретінде көрсете білдіӨзінің жұмысында белгілі дәстүрлі әдістермен қоса, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерін қолданады. Бұл әдістер оқушының жекелей дамуына жақсы әсерін тигізеді. Әр сабақтың мазмұны мен формасын нақты ойластырады. Сабақтарын қызықты, өздігінен жұмыс жасау элементтерін орынды қолданып, проблемалық жағдайлар тудырады. Балалар сабақта белсенді, барлық тапсырмаларды қызыға орындайды, олардың мұғаліммен қарым-қатынасы өте жақсы. Әрдайым байсалды, игілікті, оқушыны тыңдай біледі, проблеманы талқылауда әдепті, балалардың жіберген қателіктерін жөнге келтіруде сыпайы, ескертуді сабақ барысын бұзбай жасайды. Сынып ұжымын қалыптастыру бойынша көп жұмыс атқарады. Ойын технологиясын, оқытудың интерактивті әдістерін, әр оқушымен жекелей жұмыс жүргізу технологияларын қолданады. Мұғалім компьютерлік технологияларды және  жоба элементтерін меңгерген, оларды сабақтарында қолданады.  

Оның оқушысы Асылбекова Жанэль «Зерде» ғылыми-тәжірибелік конференциясында ғылыми жобаларын қорғап жүлделі 1 орын иеленді.   Қалалық Педагогикалық идеялар фестивалінде өзінің жұмыс тәжірибесін ұсынды.  

         Ұстаз оқушылардың білімін бақылауға көп көңіл бөледі. Аралық, тақырыптық және қорынды бақылау мұғалімге оқушылардың біліміндегі ауытқушылықтарды анықтауға және оларды жою бойынша жұмыстарды нақты жоспарлауға көп көмегі тиеді.

Рахиева Меруерт Ракымгалиевна сынып жетекші ретінде  өзін әр оқушыға жекелей жол таба білетін  психолог ретінде көрсетті, оқушылар мен ата-аналар ұжымының ұйымшыл болуы үшін үлкен жұмыс атқаруда. 

Рахиева Меруерт Ракымгалиевнаның Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минситрлігінің 8 тамыз 2013 жылғы №324 бұйрығына сәйкес  мемлекеттік марапаттарына ұсынылған марапаттау құжаттарын қарастыру бойынша «Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімі  «№ 29 Пальмира жалпы орта білім беретін   мектебі» КММ    комиссия отырысында қаралды және ұсынылды (хаттама 237 № 31 тамыз 2023 жыл).

Мына наградаға ұсынылады: Семей қаласы білім бөлімінің грамотасы